Меню KDT

                                                                                                 

Кинорежиссер Аяған Қуандықұлы Шәжімбаев

                                                      (25.11.1952-18.11.1994)

                                         Қысқа өмірбаяндық дерек

1. Аяған Шәжімбаев   1952 жылы қараша айының  25 жұлдызында  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы   Есіл ауданының  Қаратал ауылында, Қуандық пен Мәдина отбасының  үшінші перзенті болып дүниеге келген. Есімін әжесі  Бәдиша Сандыбайқызы қойған.

2. 1964 жылы ауылда бастауыш, одан кейін Бірлік орталау, ал 1970 жылы  Қызылжар  қаласындағы  №2 мектеп-интернатын бітірген.  Осы  жылы еңбек  жолын  облыстық «Солтүстік Қазақстан» (бұрынғы «Ленин туы») газетінің  редакциясында  әдеби  қызметкер болып  бастаған.

3. 1971 жылдың көктемінен бір жылдық әскери борышын «Байқоңыр» ғарыш айлағында өтеген.

4. 1972-1974 жылдары  Алматыда  М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік студиясында оқыған.

5. 1973 жылдың жазында Мәскеуде бір айлық гастрольде болып, сол заманның белді театр өнері майталмандарынан  тәрбие-ғибрат, алдағы өміріне бата тілек алған.

6. 1974-1976 жылдары  Қарағандыда  С.Сейфуллин  атындағы қазақ  драма театрында актерлік  қызмет атқарып, өнерлік шеберлігін шыңдаған.

7. 1976-1988 жылдары «Қазақфильм»киностудиясында «Трансібір экспресі»көркем фильмінде актер,режиссердің ассистенті болған, кейінірек 20 шақты көркем фильм түсіруге екінші режиссер болып қатысқан. Осы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінің  жорналшы факультетін, Бүкілодақтық киноматографистер институтының (ВГИК) жоғары режиссерлік курсын тәмамдаған.

8. 1988 жылдан жеке шығармашылықта, өз қолтаңбасымен түсірген «Бәйтерек», «Барбол», «Толғау», «АЛЖИР», «Актер Әнуарбек Молдабеков», «Режиссер Жұмат Шанин», «Домбра үні», «Алтынбектің әндері», т.б. деректі  фильмдерін экрандаған.

9. 1991 жылы алғашқы да соңғы «Жансебіл» қөркемсуретті фильмін экранға шығарған.

       Бұл туынды екі халықаралық кинофестивалінде: Ашғабад-92 «Күміс жарты Ай» жүлдесі –«Үздік режиссерлік дебюті»үшін, ал Тегеран -93-те «Үздік ер адам рөлін сомдағаны»үшін халық әртісі Қасым Жәкібаевқа лауреат марапаты бұйырған. Осы туындыны «Жас алаш» газеті «Ұлттық рухты сипаты бар»шығарма ретінде Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған. Республикадағы зиялы қауымы бағасымен туындылары классикалық шығармалар санатына еніп, қазақ киносының алтын қорына қосылған.

10. 1994 жылы күзде  Ұлы Абайдың  150 жылдығына арнап «Құнанбай қажы» деректі фильмін түсіруді бастаған. Бұл ауқымды лентада «Қарада шыққан хан» атына ие болған дала данышпаны, сөзге шешен орта жүз биі, ұрпақ тазалығын қатаң сақтаған діндар –ру басы, екі мешіт салдырған қажы, орыс патша билігінен қуғын көрген аға сұлтан есімін халқына, тарих алдында ақтау ниетін кенеттен келген ажал үзген.

11. 20 қарашада 1994 жылы Алматыда  Кеңсай зиратында жерленген.  Зайыбы Алмагүл Ыдырысқызы, қыздары Сандуғаш,  Сұлушаш,  ұлы Бейбіт-Айтолқын,  немересі  Елнұр Алматыда тұрады.

12. 2005 жылы наурызда Қазақстан Үкіметінің №200 қаулысымен Есіл ауданының орталығы Явленка  селосында №3 орта мектебіне режиссердің есімі берілген. 

KUNDELIK

Блог директора

Ақорда

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц65
  • За неделю6
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0